Валюта бағамдары:
    usd/kzt 477.98 eur/kzt 488.93

    rub/kzt 7.93 cny/kzt 70.82
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Президенттің жастар кадр резерві: Он күнде 600-ден астам жас өтінім берді

2021 жылғы 10 қыркүйек 19:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәліметінше, бұл жоба жас қазақстандықтарға білімі мен дағдыларын ел игілігі үшін қолдануға бірегей мүмкіндік береді.

Резервке алынған адамдар саяси лауазымдарға, «А» корпусының әкімшілік лауазымдарына, «Б» корпусының басшы лауазымдарына және «Б» корпусының А санаты тобының лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.

1 қыркүйектен бастап 612 қазақстандық қатысуға өтінім берілді.

Құжат қабылдау 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Pkrezerv.gov.kz сайтында тіркеліп, өтінім бере аласыз, ол үшін қолданыстағы электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет.

Профильді Жеке кабинетте толтыру және электрондық-цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою керек.

Қажетті құжаттарды жүктеу:

Жеке куәлік көшірмесі;

Жоғары білім туралы дипломдардың көшірмесі;

Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

Мемлекеттік тілді меңгергені туралы сертификат.

2 қазан мен 25 желтоқсан аралығындағы уақытта іріктеу кезеңі өтеді.


Новости по теме