Президенттің Үкіметке сенімін толығымен ақтауымыз керек – Асқар Мамин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер инвестициялар тарту бойынша жұмысты белсенді түрде жүргізуі керектігін тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әл-ауқатын және жалпы экономиканы жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді. Мемлекет басшысы атап өткендей, Үкіметтің қазіргі және алдағы басты міндеттері халықтың өмір сүру сапасы мен табысын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, инвестициялар тартуға негізделген. Барлық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен әкімдіктер инвестициялар тарту бойынша жұмысты белсенді түрде жүргізуі тиіс», - деді А. Мамин Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, осы ретте мемлекет тарапынан қажетті қолдау шаралары қабылданып, инвестициялық ахуалды жақсарту қажет.

«Әлеуметтік саланы дамыту мақсатында бірқатар нақты шаралар қолға алынды. Соның ішінде мұқтаж адамдарға әлеуметтік қолдау көрсетудің нақты әрі ашық рәсімдері белгіленеді. Білім беру саласында білім және ғылымды толығымен қаржыландыру бойынша іс-қимыл жоспары әзірленеді»,-деді Премьер-Министр.

Сонымен қатар Үкімет басшысы Президенттің тапсырмаларын орындауға арналған жоспарды сапалы іске асыру керектігін тапсырды.

«Президент Үкімет жұмысына сенім білдіріп, Үкімет пен әкімдіктер алдына маңызы үлкен міндеттер қойды. Бұл - үлкен жауапкершілік. Сондықтан біз осы сенімді толығымен ақтауымыз керек. Мемлекет басшысының барлық тапсырмаларын орындау мақсатында тиісті іс-шаралар жоспары әзірленді. Жоспарды толықтай әрі сапалы орындауымыз керек», - деді Асқар Мамин.

Соңғы жаңалықтар