+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Президенттің төрағалығымен халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде кеңес өтті

2019 жылғы 24 маусым 17:00
Бөлісіңіз:
Президенттің төрағалығымен халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде кеңес өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Жиынға Премьер-Министр Асқар Мамин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Бақытжан Сағынтаев, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов, Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Тимур Сүлейменов, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев әділетті әлеуметтік саясаттың айрықша маңызы, әсіресе, ауыр жағдайға тап болған адамдармен қатынасты қалыптастыруда екенін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті цифрлық платформаны қолдана отырып, бірыңғай әлеуметтік картаны кешіктірмей енгізу қажеттігін айтты.

Кеңес барысында Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің атаулы әлеуметтік көмек көрсету жағдайлары жөніндегі есебі тыңдалды.

- Осы маңызды салада халықтың жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек көрсету шаралары кезінде заң бұзушылықтар, тіпті, алаяқтық жолдар да анықталды. Бұл бюджет үшін жоспарланбаған шығын, - деп баяндады Бердібек Сапарбаев.

Жиын қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы аталған саладағы теріс әрекеттерді жою үшін Еңбек және әлеуметтік қорғау министріне атаулы әлеуметтік көмектің берілу тәртібін реттеу жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды, сондай-ақ, Президент Әкімшілігі мен Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT