Президенттің төрағалығымен елорданы дамыту жөніндегі кеңес отырысы өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Жиынға Президент Әкімшілігінің басшылығы, Үкімет мүшелері және орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысады. Кеңес отырысында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Премьер-Министрдің орынбасарлары Роман Скляр мен Алтай Көлгінов баяндама жасайды.


Соңғы жаңалықтар