Президенттің Телерадиокешені көрікті жерлеріміздің ТОП-ондығын ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің Телерадиокешені еліміздің көрікті жерлерінің ТОП-ондығын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Жер күні! Қазақстан өте әдемі және сіздермен Отанымыздың көрікті пейзажымен бөліскіміз келеді. Біздің команда төтенше жағдай аяқталғаннан кейін баруға болатын ТОП-10 жерді ұсынады. Карантин ертелі-кеш аяқталары сөзсіз», - делінген ҚР Президенті Телерадиокешенінің Instagram-парақшасында.

Мәлім етілгендей, барлық кадрларды ел бойынша сапарлары кезінде ТРК-ның шығармашылық тобы түсірген.

1. Үлкен Алматы көлі (Алматы қаласы)


2. Бурабай (Ақмола облысы)

3. Алакөл (Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары)

4. Балқаш көлі (Қарағанды облысы)

5. Шарын шатқалы (Алматы облысы)


6. Қайыңды көлі (Алматы облысы)


7. Көлсай көлдері (Алматы облысы)


8. Марқакөл (Шығыс Қазақстан облысы)

9. Қорғалжын қорығы (Ақмола облысы)


10. Катон-Қарағай ұлттық паркі (Шығыс Қазақстан облысы)

Халықаралық Жер күні - қоршаған ортаны қорғау ісіне бүкіл адамзатты біріктіру мақсатында өткізілетін халықаралық шара ретінде 1990 жылдан бастап атап өтіледі. Бұл атаулы күн 1970 жылдан бастап АҚШ-та дәстүрлі түрде өтеді. Жер күнін бекіту туралы бастаманы америкалық саясаттанушы және қоғам белсендісі Гейлорд Нельсон көтерген.


Соңғы жаңалықтар