Президенттің Телерадиокешені елорда туралы бейнеролик жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің Телерадиокешені Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай бейнеролик жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«1991 жылы дәл осы күні Нұрсұлтан Назарбаев бүкілхалық сайлаған тәуелсіз мемлекеттің басшысы болды. ҚР Президентінің Телерадиокешені «Елбасы арманы – елорда» атты бейнероликті ұсынады», - делінген Телерадиокешеннің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Фильмде елорданың барлық қайталанбас сұлулығы құс ұшар биіктіктен ғажайып кадрларда бейнеленген.
«Өз туындысының табысты боларына бір адам ғана сенді – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол кісіге жаңа қаланың пайда болу идеясы ғана емес, Қазақстан тәуелсіздігінің жылнамасындағы ұлттық мақтаныш пен жарқын беттерге айналған астананы салу ұмтылысы да тиесілі», - деп жазылған парақшада.
- Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Сот Кеңесінің төрағасын қабылдады
- Елбасы Асхат Аймағамбетовті қабылдады
- Қазақстанның Тұңғыш Президенті астана әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
- Елордада Елбасыға әртүрлі елдің дипломаттары сыйлаған экспонаттар көрмесі өтті
-
Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті
-
Елбасы белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің туыстарына көңіл айтты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам