Президенттің Тәжікстанға жұмыс сапарынан бейнешолу жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстанға жасаған жұмыс сапарына бейнешолу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, 15 қыркүйекте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеге барды.

Қазақстан Президентінің Тәжікстанға жұмыс сапары осы елдің басшысы Эмомали Рахмонмен кездесуден басталды.

Президент ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты.

Отырыс барысында Қазақстан халықаралық үш келісімнің қабылдануын құптады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-Министрі Имран Ханмен кездесті.



Соңғы жаңалықтар