Президенттің сәтті жүзеге асып жатқан тапсырмалары аталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдау аясында жүктеген міндеттердің қалай іске асып жатқаны туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президенттің биылғы Жолдауы бойынша іске асып жатқан тапсырманың бірі төменгі жалақының мөлшері 60 мың теңгеге дейін көтерілді. Ол үшін тиісті заңға өзгеріс енгізіліп, 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет қайта қаралды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қылмыстық жаза заңын жетілдіру қолға алынды. Осы орайда Бас Прокуратура заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізіп, ол Парламент қабырғасында қаралып жатыр», - деді Ерлан Қарин «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, биылғы Жолдау бойынша Мемлекет басшысы жүктеген тапсырманы орындау сол сәтте басталып кетті. Оны іске асыруға Парламент, Үкімет және басқа да құзырлы органдар атсалысып жатыр.

«Мемлекеттік реформалардың ішінде көпшілікке жағып, көңілінен шыққан Президент қабылдаған шараның бірі қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы жинағын тұрғын үй алуға жұмсай алуы. Сол секілді денсаулығын жақсартуға да пайдалану мүмкіндігі бар. Қазанның соңындағы мәліметтер бойынша, шатаспасам, баспаналы болғысы келген қазақстандықтардың 2 трлн теңгенің өтініші мақұлданды. Сондай-ақ, отандастарымыз денсаулығын күту мақсатында 49 млрд теңге жұмсаған. Бұл дегеніміз Президент реформасы арқылы қарапайым халық мәселесі оңтайлы шешімін тауып жатыр деген сөз», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар