Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 28 °С
Алматы: 30 °С
USD 344.58 EUR 400.51
RUB 5.47 CNY 51.30
Жаңалықтар

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты 25 жылдығын атап өтуде

2018 жылғы 15 маусым 12:45 1013
Бөлісіңіз:
Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты 25 жылдығын атап өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтына - 25 жыл. Осы уақыттың ішінде институт мықты сараптамалық базаға айналды. Ал институт қызметкерлерінің талдаулары маңызды мемлекеттік шешімдерге негіз болды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР Мемлекеттік хатшысы бірқатар елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

«Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты - Президент Әкімшілігінің ең басты зерттеу орталығының бірі. Осы жерде жасалған сараптамалар мен ұсыныстар елімізде қабылданған көптеген стратегиялық шешімдердің негізі болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанның Тәуелсіздік шежіресінде институттың айқын қолтаңбасы бар. Институт жетекшілерінің дені, қызметкерлердің көпшілігі - Президент Әкімшілігінде еңбек еткен азаматтар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі институттың дамуына назар аударып, жұмысын үнемі қадағалап отырады», - деді ҚР Президенті Әкімшілігінің саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева институттың 25 жылдығына арналған xалықаралық конференцияда. Бөлім басшысы Президенттің құттықтауын да жеткізді.

«Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ширек ғасырды арқа тастап, еліміздің беделді ғылыми-сараптамалық ұйымына айналды. Жетекші xалықаралық сарапшылар ортасында мойындалды. Қазақстанның барлық стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын ғылыми тұрғыда сараптауда Қазақстанның старетиялық зерттеулер институты ұжымының үлесін ерекше атап өткен жөн», - делінген Мемлекет басшысының құттықтау xатында.

Институтты әр жылдары Өмірсерік Қасенов, Лев Тараков, Алма Сұлтанғалиева, Ермұxамет Ертісбаев, Мәулен Әшімбаев, Болат Сұлтанов және Ерлан Кариндер басқарды. Қазіргі жетекшісі - Зарема Шаукенова. «Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының алғашқы басшысы Өмірсерік Қасенов институттың құрылуына үлкен үлес қосты. Өкінішке қарай, ол өмірден ерте кетті. Дегенмен, біз оның барлық еңбектерін арнайы жинаққа енгіздік. Бүгін алғаш рет институттың барлық директорлары бас қосып отыр», - деп атап көрсетті З.Шаукенова.

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбары Мәулен Әшімбаев та институтта еңбек еткен жылдарын еске алып, аталған ұйымның еліміздің саяси өміріндегі орнын ерекше атап өтті. «Шынымен де, 25 жылдың ішінде институттың зерттеулері мен кеңестері негізінде көптеген стратегиялық маңызы бар шешімдер қабылданды. Бұл жерден тамаша сарапшылар, ғалымдар мен мемлекеттік қызметшілер шықты. Мен өзім институтта өткізген бес жылымды жылы еске алып отырамын. Біраз қызықты әрі жауапты жұмыстар атқарылды. Дәстүр сабақтастығы да сақталды. Жүйелі жұмыс, ашықтық, нақтылық пен патриотизм сияқты дәстүрлі құндылықтар әлі де ұзақ жылдар сақталып, ұлттық мүддемізді қорғауға негіз бола береді деп сенемін. Қазіргі кезде ел экономикасында, саяси-экономикалық өмірде ауқымды реформалар қолға алынды. Мемлекет басшысы қоғамдық сананы жаңғырту бастамасын жариялады. Негізгі мақсат - дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу. Ал сапалы зерттеулер, терең талдаулар мен болжамдар болмаса, аталған мақсаттарға жету қиын», - дейді М.Әшімбаев.

Конференция барысында институттың барлық басшылары мен әріптестері арнайы медальдармен марапатталды. Осыдан кейін жиын панельдік сессиялар бойынша жалғасты. Кешке дейін қатысушылар әлеуметтік жаңғырту, цифрлық қоғам, жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті сақтау және тағы басқа маңызды мәселелерді талқылап шықпақшы.


Басты сөздер: Ғылым, Басқа меморгандар,
Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат