Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.87 EUR 422.40
RUB 5.87 CNY 54.85
Jańalyqtar

Президенттің Өзбекстанға сапары екі елдің достығын нығайта түседі - Дәурен Абаев

2019 жылғы 18 сәуір 22:02 623
Бөлісіңіз:
Президенттің Өзбекстанға сапары екі елдің достығын нығайта түседі - Дәурен Абаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министр Өзбекстан Қазақстанның стратегиялық серіктесі әрі одақтасы екенін айта келе, ортақ тарих біріктіретін халықпен тату көршіліктің маңыздылығын атап өтті.

«Тәуелсіздік жылдары біз экономикадан қауіпсіздік саласына дейін барлық бағытта тығыз әрі өзара тиімді қарым-қатынас орнаттық. Мәселен, өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 50 пайызға артып, 3 млрд долларды құрады. 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 5 млрд долларға жетуі тиіс. Мұның барлығына бақылау-өткізу бекеттерін жаңғырту мен кедендік процедураларды оңтайландырудың және жаңа көліктік дәліздерді құрудың арқасында қол жеткіздік», - деді ол.

Сондай-ақ ведомство басшысының айтуынша, екі елдің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы мәселелеріне дәстүрлі түрде баса көңіл бөлініп отыр.

«Қасым-Жомарт Кемелұлының сапары Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылуымен тұспа-тұс келді. Шавкат Мирзиеев Абай мұрасын кеңінен оқу және насихаттау туралы қаулыға қол қойды. Бүгінде Өзбекстанда өте үлкен қазақ диаспорасы өмір сүріп жатыр. Өзбекстанда қазақ мектептері жұмыс істейді, жоғары және орта оқу орындарында қазақ тілінде мамандар дайындалады. Және Өзбекстанның бас ақпарат агенттігінің қазақ тіліндегі нұсқасы бар. Бұл көп нәрсені аңғартады», - деді Дәурен Абаев. 

Оның пікірінше, Президент сапары алдағы уақытта екі елдің достығын нығайта түседі. 

«Қазақстан үшін көршісінің өркендеуі өте маңызды. Себебі, бұл біздің де өркендеуіміздің кепілі», - деп түйіндеді сөзін министр.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT