Президенттің онлайн-казинолар жарнамасына ешқандай қатысы жоқ - Берік Уәли

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысы суретінің онлайн-казинолардың жарнамасына қолданылуына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік желілердегі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейнесі бар онлайн-казиноның жарнамасына байланысты маған бұқаралық ақпарат құралдарынан шағымдар келіп түсуде.

Мемлекет басшысының бұл жарнамаға ешқандай қатысы жоқ екенін, ал оның суреті заңсыз пайдаланылғанын ресми түрде мәлімдеймін. Бұл – өтірік әрі жөнсіз жарнама. Біздің пікірімізше, мұндай жарияланымдар әлеуметтік желі қолданушыларын жаңылыстырады және абырой-беделіне айтарлықтай нұқсан келтіреді», - деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Осы ретте ол бұл мәселемен құқық қорғау органдары айналысып, жарнама берушілерді анықтау арқылы оларды жауапкершілікке тарту мәселесін шешетіндігіне үміт артатындығын атап өтеді.

«Барлық әлеуметтік желіні коммерциялық жарияланымдарды орналастыру ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауға және біреудің фотосының немесе басқа да суреттердің заңсыз пайдаланылуына жол бермеуге шақырамын», - деді Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы.

Фото: https://twitter.com

Соңғы жаңалықтар