+7 (701) 759 90 19
USD 389.75 EUR 434.26
RUB 6.12 CNY 55.05
Jańalyqtar

Президенттің несиені жабу туралы жарлығын естігенде қуаныштан жыладым - Әйгерім Жоламанова

2019 жылғы 26 маусым 16:57
Бөлісіңіз:
Президенттің несиені жабу туралы жарлығын естігенде қуаныштан жыладым -  Әйгерім Жоламанова

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаевтың көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі балалары бар жандардың несиесін жабу жөніндегі жарлыққа қол қойғанын естігенде қуаныштан жыладым. Президенттің шешімін өте батыл қадам деп бағалаған талдықорғандық Әйгерім Жоламанова осылайша ақжүрегінен ақтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әйгерім Жоламанова тұңғышының 1-ші топтағы мүгедек екенін айтады. Пәтер жалдап, тұрмыс тауқыметін тартқан жан 2017 жылы 2 жылға несие алып, бір жылдан кейін төлей алмадым дейді.

«Каспий банктен 1 млн теңге алғанмын. Баламның еміне. Бір жылын төледім. Ары қарай төлей алмадым. Қазір банкте қара тізімдемін. Жаным әбден қиналып жүрген болатын. Президент көпбалалы аналардың, мүмкіндігі шектеулі баласы барлардың несиесін кешіру туралы жарлыққа қол қойды дегенді естігенде, қуаныштан жыладым. Бұл біз сияқты қиналып жүрген жандар үшін үлкен көмек. Осы кредиттің кесірінен бар тапқан табысымыздан айырыламыз. Тапқан табысымызды несие төлеуге жұмсаймыз. Енді кредитімізді кешіріп жатса, бұл қаншама мыңдаған отбасы үшін үлкен көмек болар еді. Президенттің халықтың жанына батқан мәселені қолына алғаны үшін алғысымыз шексіз», -деді мүгедек баланың анасы Әйгерім Жоламанова.

Әйгерім Жоламанова 7 жылдан бері пәтер кезегінде тұрғанын айтады. Бірақ жеті жылда кезегі 132 адамға ғана жылжыды деп қынжылады.

«Үй кезегіне 666 болып тіркелдім. Жеті жылда тек 534-орынға ғана жылжыпты. Баспана қашан бұйырады білмеймін. Бірақ үмітімді үзбеймін»,- дейді 37 жастағы Әйгерім.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT