Президенттің құттықтау хаты қуанышымызды еселей түсті – Атыраулық егіздің анасы

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі күні 84 сәбиөмірге келген болатын. Солардың бірі - егіз ұл босанған Әйгерім Мұхамбетжанова. «16 желтоқсан біздің отбасымыз үшін екі мерекені қатар атап өтетін күнге айналды. Бірі – еліміздің Тәуелсіздік мерекесі, екіншісі – ұлдарымыздың туған күні. Президенттің құттықтау хаты көңілімізді көтеріп, қуанышымызды еселей түсті», - дейді ҚазАқпарат тілшісімен қуанышын бөліскен жас ана.

Бұдан бұрын Атырауда 84 сәбиге «Сүйінші» сыйқорабы табыс етілгенін жазған едік.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ның Атырау облысы

бойынша филиалының директоры Муса Хайруллиевтың мәліметінше, 84 сәбиге

табысталған «Сүйінші» сыйқорабында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау тілегі жазылған ашық хат, «Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл» монетасы мен баланың тууы туралы куәлігі салынған.

Мереке күндері Атырау қаласында 73, Жылыой ауданында 4, Қызылқоғада – 3,

Құрманғазыда – 2, Мақатта – 1, Индер ауданында 1 нәресте өмірге келген. Олардың

арасында 2 егіз бар. Егіз босанған ананың бірі – Әйгерім Мұхамбетжанова.

«Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі күні – 16 желтоқсанда егіз ұлдарымды босандым.

Ұлдарымызға Сұлтан және Сулейман есімін бердік. Президенттің ұлдарымыздың болашағына ізгі тілегін арнаған құттықтау хаты көңілімізді көтеріп, отбасылық қуанышымызды еселей түсті», -дейді ол.


Соңғы жаңалықтар