Президенттің коронавирус індетіне қатысты мәлімдемесі түске дейін жарияланады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі коронавирус індетіне қатысты мәлімдемесі түске дейін жарияланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі коронавирус індетіне қатысты мәлімдемесі Akorda.kz сайтына түске дейін жарияланады», деп жазды Берік Уәли Facebook -тегі парақшасында.

Еске сала кетсек, Президент карантин шараларының жаңа тәсілдері енгізілетінін мәлімдеген еді.

«Бүгін еліміздегі коронавирус індетіне байланысты менің мәлімдемем жарияланады. Карантин шараларының жаңа тәсілдері енгізіледі», деп жазды Президент Twitter -дегі парақшасында.



Соңғы жаңалықтар