Президенттің қоғамдағы барлық проблемалардан хабардар екені байқалды - ғалым Қуат Баймырзаев

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат – Георгафия ғылымдарының докторы, профессор, Жетісу университетінің ректоры Қуат Баймырзаев Мемлекет басшысының сұхбатына орай пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Qazaqstan» ұлттық телеарнасына берген сұхбатын көрдім. Жалпы мазмұнды сұхбат болды. Мемлекет басшысының қоғамдағы барлық проблемалардан хабардар екені анық байқалады. Халықты екіұдай ойға қалдырған кейбір жайттарға қатысты сұрақтарға әсірелемей, байыппен жауап берді«,- деді ол

Қуат Баймырзаев, «Азаматтарымыз адал еңбекпен табыс табуды ең басты орынға қоюы қажет. Бақуатты ел болу биліктің жұмысына ғана емес, ол, ең алдымен, әрбір азаматтың еңбегіне байланысты. Елдің тұрмысын құрғақ сөзбен емес, нақты іспен көтеру керек. Біздің жастарымыз осыны айқын ұғынса деймін», – деген Президенттің жауабы өте орынды дейді.

«Жоғары оқу орнының басшысы ретінде «Бақуатты ел болу биліктің жұмысына ғана емес, ең алдымен, әрбір азаматтың еңбегіне байланысты» екенін жастарға ұғындыру аса маңызды деп санаймын. Еңбегінің лайық бағаланатынын білген әрбір жас бар күш-жігерін жиып, талмай еңбектенетіні анық. Еліміздегі әрбір оқу орны студенттерді академиялық адалдыққа тәрбиелей алса, қоғамда адал еңбек ететін азаматтар көп болады деп сенемін«,- деп ойын түйіндеді Қ. Баймырзаев.


Соңғы жаңалықтар