+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Президенттің ҚХА Кеңесінде берген тапсырмалары бойынша Үкімет кеңесі өтті

2021 жылғы 22 қазан 15:53
Бөлісіңіз:
Президенттің ҚХА Кеңесінде берген тапсырмалары бойынша Үкімет кеңесі өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен 21 қазанда Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөнінде Үкімет кеңесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Primeminister.kz сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
2022 жылы созылмалы бүйрек аурулары бар науқастар регистрі құрылады

Іс-шараға төраға орынбасары – ҚХА хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов, ҚР Парламентінің депутаттары, министрліктердің басшылары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Премьер-Министрдің орынбасары халық тығыз орналасқан өңірлерден елдің жұмыс күші тапшы өңірлеріне азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуын ынталандыру шараларын күшейту, ұлттық тілде оқытатын мектептерде билингвалды оқыту моделін енгізу, мемлекеттік тілді оқытудың тиімділігін арттыру, аналар кеңестерінің қызметін дамыту, жинақы тұратын этностардың Қазақстан қоғамына одан әрі интеграциялануы, этносаралық негізде жанжалдардың алдын алу және т. б. бойынша нақты тапсырмалар берді.

Президенттің Қазақстан халқы ассамблеясының патриоттық ұйым ретіндегі анықтамасын бірінші рет жария еткеніне және осы идеяны ілгерілету бойынша нақты тапсырмалар берілгеніне ерекше назар аударылды.

Е. Тоғжанов өңірлер әкімдіктерінің этносаралық қатынастарды нығайту саласындағы қызметін жандандыруды, этностық немесе тілдік негізде азаматтардың құқықтарының бұзылуының әрбір жағдайы бойынша халықпен нақты профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Сондай-ақ, Федор Достоевскийдің 200 жылдығына орай естелік іс-шаралар ұйымдастыру және көрнекті тұлғалар достығының тарихи мысалдары арқылы этностарды рухани жақындастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізу тапсырылды.

Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысында берген тапсырмалары Үкіметтің қатаң бақылауына алынды және тапсырмалардың жеке хаттамасы аясында іске асырылатын болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT