+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Президенттің кадр резерві: «Әлеуетті бағалау» кезеңіне 549 үміткер өтті

2019 жылғы 24 қазан 11:51
Бөлісіңіз:
Президенттің кадр резерві: «Әлеуетті бағалау» кезеңіне 549 үміткер өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Президенттік Жастар кадр резервіне» іріктеудің «Әлеуетті бағалау» кезеңіне 549 қатысушы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жастар кадр резерві: Бекжан Әлімкұлов басшылық лауазымға тағайындалды Еңбек жолыңды ауылдан бастаудың еш кемшілігі жоқ – жас дәрігер Кадрлық резерв өкілі БҚО-да басшылық қызметке тағайындалды

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова айтып берді.

«Ашықтық үшін іріктеуге қатысушылар туралы ақпарат баршаға қолжетімді. Іріктеудің әр кезеңінен кейін келесі кезеңге өткендердің тізімін жариялаймыз. «Әлеуетті бағалау» кезеңі 2019 жылдың 22 қазаны - 3 қарашасы аралығында өтеді. Бұл кезең 3 бөліктен тұрады: эссе жазу, жобаны таныстыру және құзыретті бағалау. Эссе жазу мен жобаларды таныстыру да pkrezerv.kz автоматтандырылған жүйесінде онлайн жүргізіледі», - деді агенттік басшысы Үкімет үйінде өткен баспасөз қызметінде.

«Әлеуетті бағалау» кезеңінен кейін сарапшылармен сұхбат өтеді. Оған алдыңғы кезеңдерде үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар жіберіледі. Одан кейін Президент Әкімшілігі құратын комиссия іріктеудің алдыңғы кезеңдерінен табысты өткен әр үміткермен жеке әңгімелеседі. Соның қорытындысы бойынша Ұлттық комиссия ең жоғары балл жинаған кандидаттарды Президенттік жастар резервіне қабылдау туралы шешім қабылдайды.

Атап өткен жөн, іріктеудің кейінгі кезеңдеріне жіберілетін кандидаттардың шекті саны белгіленген. Атап айтқанда, тестілеу верификациясына 1000 адам ғана жіберіледі. Келесі кезең - әлеуетті бағалауға - 600 адам, сараптамалық комиссияда сұхбаттасуға - 400 адам, соңғы Ұлттық комиссия отырысында - 330 адамның нәтижесі қаралады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT