Президенттің Іс басқарушысы ТРК қызметкерлерін журналистер күнімен құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Іс басқармасының басшысы Айбек Дәдебаев Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесі - бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Президент телерадиокешенінің қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айбек Дәдебаев Мемлекет басшысының жұмысын, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларды одан ары жаңғырту бағытында берген тапсырмалары мен бастамаларын жүзеге асыру барысын ақпараттық қолдаудағы телерадиокешеннің рөлі маңызды екенін баса айтты.

ТРК бас директоры Раушан Қажыбаева телерадиокешенді жаңғырту нәтижесі жайында айтып берді.

Биыл ТРК құрамына «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі, «Kazakh TV» халықаралық спутниктік телеарнасы және Kaztube ұлттық видео-хостингі кірді.

Қазіргі уақытта ҚР Президентінің Телерадиокешені отандық және халықаралық ақпараттық кеңістікте қызмет атқаратын толыққанды ірі қазақстандық медиа-компанияға айналды.

Кездесу барысында ТРК қызметкерлері ҚР Президенті Іс басқармасының бастысы Айбек Дәдебаевпен емен-жарқын әңгімелесіп, өздерін толғандырған сауалдарға толыққанды жауап алды.

Атап айтқанда, әлеуметтік-еңбек мәселелері, әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдік беру, қызметкерлердің мүддесін қорғау, ТРК қызметкерлерін кәсіби тұрғыда ілгерілету жайттары талқыға түсті.

Кездесу соңында Айбек Дәдебаев ТРК ұжымын кәсіби мерекесімен құттықтап, ҚР Президенті Іс басқармасы атынан алғыс хат табыстады.


Соңғы жаңалықтар