Президенттің Іс басқарушысы Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы ұжымымен кездесті
2022 жылғы 18 мамыр 20:42

Президенттің Іс басқарушысы Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы ұжымымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Президенттің Іс басқарушысы Айбек Дәдебаев Мемлекеттік резиденциялар дирекциясының 150-ге жуық қызметкерімен кездесті. Кездесу ашық және өте эмоционалды өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз мүгедек балалары бар қызметкерлердің отбасыларына көмек көрсету, қатардағы қызметкерлер мен басшылық арасындағы жалақы айырмашылығына жол бермеу, үстеме жұмыс үшін қосымша ақы төлеу және тағы да басқа мәселелерді талқыладық», - деп жазды Айбек Арқабайұлы Телеграм-арнасындағы парақшасына.

Кездесуге қатысушылардан жұмыс процестерін оңтайландыру бойынша бірқатар ұсыныстар түскен. Мысалы, жұмыс кестесін қайта қарап, түскі үзіліс уақытын қысқарту, қызметтік автобустың бағытын өзгерту сынды мәселелер қаузалған.

«Дирекция қызметкерлеріне сындарлы көзқарас үшін алғыс айтамын. Бүгін көтерілген барлық сұрақтар бойынша егжей-тегжейлі жазбаша түсініктемелер дайындалады», - деп толықтырды автор.

Айта кетейік, Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы – Президент Іс Басқармасының ведомстволық қарасты ұйым. Дирекцияның ұжымы өз жұмысын мінсіз атқаратын жоғары деңгейдегі кәсіби мамандардан құралған.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT