Президенттің Іс Басқармасы қарамағындағы ұйым, мекеме қызметкерлерімен кездеспек

None
Фото: t.me/udp_dadebayev
АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Іс Басқармасына қарасты мекемелердің ұжымымен дәстүрлі кездесуді Материалдық-техникалық қамту басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясынан бастадық.

Биыл бұл мекеменің құрылғанына 30 жыл толады. Іргелі кәсіпорын еліміздің маңызды мемлекеттік органдарының мүлтіксіз жұмыс істеуіне жан-жақты жағдай жасап отыр.

Ұжыммен кездесуде еңбекақыны көтеру, әлеуметтік көмек көлемін ұлғайту, баспана алуға қолдау жасау, жұмысқа қажетті техника алу, ғимараттарға жаңа жиһаз қою, қызметкерлердің арнайы жұмыс киімін жаңарту, жұмыс процесін жетілдіру және басқа да тақырыптарды сөз еттік.


Жалпы, қызметкерлерді алаңдатқан мәселелерді естіп-біліп, өздерімен бірлесіп талқылау өте маңызды деп санаймын. Кездесулерден бөлек, пікір, ұсыныс алу үшін қосымша құрал ретінде Президент Іс Басқармасында QR-код арқылы кері байланыс жүйесі орнатылғанын айта кеткім келеді. Оның көмегімен кез-келген қызметкер өзінің өтінішін басшылыққа жеткізе алады.

Өзара диалог орнату арқылы ішкі коммуникацияны жетілдіру қызметкерлердің жағдайын жақсартуға, жұмыс сапасын арттыруға оң ықпал етеді. Сол үшін де былтырдан бері Президенттің Іс Басқармасына қарасты кәсіпорындардың барлығында кездесу өткізіп жүрміз.

Қадірлі әріптестер, көкейлеріңізде жүрген сауалдарыңыз, ұсыныс-пікірлеріңіз, көтеретін мәселеріңізді алдағы кездесулерде тыңдауға әзірміз.


Соңғы жаңалықтар