+7 (701) 759 90 19
USD 380.19 EUR 419.01
RUB 6.08 CNY 54.81
Jańalyqtar

Президенттің Германияға сапарында $2,4 млрд құрайтын 30 құжатқа қол қойылды

2019 жылғы 6 желтоқсан 00:12
Бөлісіңіз:
Президенттің Германияға сапарында $2,4 млрд құрайтын 30 құжатқа қол қойылды

БЕРЛИН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президентінің Германияға сапары барысында жалпы құны 2,4 млрд долларды құрайтын отыз экономикалық құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Германиядан Қазақстанға экстрадицияланған қылмыскер 11 жылға сотталды Мемлекет басшысы Фраунхофер институтының өкілімен кездесті ҚР Президенті: Қазақстандағы неміс компанияларына қосымша нарыққа шығуға мүмкіндік болады

Бұл туралы бейсенбі кешке журналистерге Kazakh Invest ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаев қол қою рәсімнен кейін айтып берді.

«Мемлекет басшысының Германияға ресми сапары аясында жалпы құны 2,4 млрд доллар отыз экономикалық құжатқа қол қойылды. Оның ішінде қайта өңдеу және машина жасау секілді салалар бар», - деді Б.Сартбаев.

«Олардың басым бөлігі өзара байланысты және жоғары қосымша құны бар өнім өндіреді», - деп атап өтті Kazakh Invest ұлттық компаниясының басқарма төрағасы.

«Сондай-ақ бүгін қол қойылған басты құжаттардың бірі – Kazakh Invest пен Герман экономикасының шығыс комитеті арасында инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі бірлескен жоспар. Ол салалардың басым бағытын және нақты ынтымақтастық жобаларын анықтайды», - деп тоқталды ол.

Айта кетерлігі, Герман экономикасының шығыс комитеті ГФР-дың Орталық, Шығыс, Оңтүстік шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азиядағы 29 мемлекеттегі экономикалық мүддесіне жауапты.

Авторы Тимур Дүйсекеев

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT