Президенттің Ереванға жұмыс сапарынан видео жарияланды

None
ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ереванға жұмыс сапарының видеосы жарияланды. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Арменияға барды.

Қ.Тоқаевты «Двин» кешенінде Армения Премьер-министрі Никол Пашинян қарсы алды.

Кейін Қазақстан Президенті ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты.

Жоспарланған ротация аясында мемлекеттер басшылары Қазақстан өкілі Иманғали Тасмағамбетовті 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш жыл мерзімге ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметіне тағайындау туралы шешім қабылдады.


Соңғы жаңалықтар