Президенттің айналасына жұдырықтай жұмылып, бірге болуымыз керек - сенатор

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың айналасына жиналып, жұдырықтай жұмылып, бірге болайық, ағайын! Бүгін Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған үндеуіне қатысты пікір білдірген сенатор Дана Нұржігіт осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақпарат саласында жүрген әріптестеріме рақмет айтам. Сағат сайын ақпарат таратып жатыр. Алматыдағы бірнеше телеарна офистерінің, студияларының өртенгенін де көріп-біліп жатырсыздар. Бүгінгідей күрделі жағдайға қарамастан, журналистер бізді болып жатқан оқиғалардан хабардар етіп жатыр. Бұл жерде коммерциялық не мемлекеттік арналар деген бөліну жоқ. Ақпарат саласының өкілдері бір болып жұмылды»,-дейді сенатор.

Сондай-ақ ол биыл ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы екенін еске салды.

Міне, сол Ахаң аманат етіп тастап кеткен Қазақ радиосының үні сын сағатта өшкен жоқ. Қазақтың үні бар жерде, қазақтың тілі бар жерде, қазақтың рухы өлмейді! Сондықтан бәріміз Бас Қолбасшы, Президентіміз, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың айналасына жиналып, жұдырықтай жұмылып, бірге болайық, ағайын! Бұл сын сағаттан абыроймен өтуге нәсіп етсін!»,-деді.


Соңғы жаңалықтар