Президенттің Атыраудағы резиденциясы балаларды сауықтыру орталығына айналады

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Президенттің Атыраудағы резиденциясы балаларды сауықтыру орталығына айналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Атыраудағы Перзидент резиденциясының ресми қонақтарды қабылдауға арналған үй атауы бар.

«Президент резиденциясының орнында балаларға арналған демалыс және сауықтыру орталығын ашу жоспарланып отыр. Бұл Мемлекет басшысының бес өңірдегі қонақтарға арналған нысандарды балалар қажеттілігіне беру тапсырмасына сәйкес қолға алынды. Осы тапсырма шеңберінде Атырау облысының мемлекеттік органдары балалардың қажеттіліктері үшін аталған нысанды барынша тиімді пайдалану мүмкіндігін зерделей бастады. Болашақта бұл демалыс және сауықтыру орталығына айналады. Нысанның нақты қай мақсатта пайдаланылатыны анықталғаннан кейін оны қайта жабдықтау бойынша ұйымдастыру жұмыстары басталады», - деп хабарлады Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Президенттің бұрынғы резиденциясы Махамбет ауданындағы Аққайың ауылының аумағында орналасқан. Жайық өзенінің жағасындағы резиденцияға жақын маңнан «Атырау-Орал» тас жолы өтеді. Бұрынғы резиденция жанында шағын жағажай, үлкен алма бағы бар. Өзенге дейін асфальтталған жол төселген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Ақтөбедегі Президент резиденциясы балаларға арналған нысанға айналатыны хабарланған еді.

Одан бөлек, Қостанайдағы Президент резиденциясына қатысты әкімдік жуырда нысанның жаңа профилін таңдайтыны жазылған болатын.

Сондай-ақ, Ақтауда Президент резиденциясын балалар қажеттілігіне беру бойынша жұмыс басталды.


Соңғы жаңалықтар