+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Президенттің арнаулы өкілі Маттео Мекаччимен кездесті

2021 жылғы 20 қазан 18:50
Бөлісіңіз:
Президенттің арнаулы өкілі Маттео Мекаччимен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан ЕҚЫҰ ДИАҚБ директоры Маттео Мекаччимен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан Қазақстанға алғаш рет сапармен келген ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) директоры Маттео Мекаччимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Арнаулы өкіл Мемлекет басшысының бастамасы бойынша адам құқықтары мен құқық үстемдігі саласында жүргізіліп жатқан реформалар жөнінде, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен елдің тұрақты дамуының басымдықтары туралы мәлімет берді.

Тараптар Қазақстан мен Орталық Азиядағы қауіпсіздік, экономикалық және саяси даму салалары бойынша Қазақстан мен ЕҚЫҰ институттары арасындағы ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективаларын талқылады.

ДИАҚБ директоры Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға беріп, Қазақстанның қолға алған бастамаларына барынша көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT