+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Президенттіктен кеткеніме өкінбеймін - Нұрсұлтан Назарбаев

2019 жылғы 10 қазан 19:40
Бөлісіңіз:
Президенттіктен кеткеніме өкінбеймін - Нұрсұлтан Назарбаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Хабар» арнасына берген сұхбатынан үзінді жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысының Twitter парақшасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елбасы «Назарбаев Университетінің» президенті Шигео Катсуды қабылдады Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия медиа форумына қатысушыларды құттықтады

«Елбасының бүгінгі сұхбатынан үзінді. Толық нұсқасы ертең «Хабар» арнасында сағат 21.30-да көрсетіледі», - деп жазды Айдос Үкібай.

Сұхбат кезінде Нұрсұлтан Назарбаевқа «Президенттіктен кеткеніңізге өкінбейсіз бе?» деген сұрақ қойылды.

«Әрине, өкінбеймін. Себебі, бұл жан-жақты әбден сараланған шешім болатын. Ең алдымен, бірнеше рет мені Мемлекет басшысы етіп сайлаған халыққа зор алғысымды айтамын. Екіншіден, өзгерістер керек. Ештеңе бір орында тұрған жоқ. Өзгерістер, жаңа адамдар, тың кадрлар керек. Кез келген адамның өзіндік көзқарасы, қарым-қатынасы бар. Сол себепті бұл - әбден ойластырылған қадам. Халық үшін, Қазақстан үшін дұрыс істедім деп есептеймін», - деді Елбасы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT