Президенттікке үміткер Дания Еспаева Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ақ жол» партиясынан Президенттікке үміткер Дания Еспаева Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шараға сайлауалды штаб мүшелері, ҚР Мәжіліс депутаттары және аймақтық штаб белсенділері қатысты. Жиын барысында Дания Еспаева өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды, сайлаушылар тарапынан жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, білім беру сапасы және зейнет жасының ұлғаюы сияқты әлеуметтік сұрақтарға жауап берді.

Еске сала кетейік, ҚР Президентінің сайлауы 9 маусым күні өтеді. Сайлауға 7 кандидат тіркелді. Қазіргі таңда үміткерлер жұртшылықпен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр.

null

Әлихан Асқарұлы

Соңғы жаңалықтар