Президенттікке үміткер Әміржан Қосанов үлескерлермен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Әміржан Қосанов халықпен кездесулерін жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат кандидаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін ол елорданың проблемалы тұрғын үйлерінің үлескерлерімен кездесті. Тараптар қалыптасқан жағдайды талқылап, мүмкін шешімдерді ұсынды.

Еске сала кетейік, 11 мамыр күні Қазақстан бойынша ҚР Президенттігіне үміткер 7 кандидат сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бастаған.

Бұған дейін кандидат Дания Еспаеваның штаб өкілдері атыраулық сайлаушыларымен кездессе, Амангелді Таспиховтың сенімді өкілдері Ақтауда зауыт жұмысшыларымен жолықты. Ал Жамбыл Ахметбековтің штабы Астана электртехника зауытының еңбек ұжымымен кездесті.

Кандидат Әміржан Қосановтың сенімді өкілдері елордадағы орталық базарда үгіт жүргізсе, Сәдібек Түгелдің өкілдері Ақмола облысында асық ату турниріне қатысып, кандидаттың өзі Шучинск қаласында шығармашылық кешін өткізді. Тағы бір үміткер Төлеутай Рақымбеков ҚазАТУ ұжымымен жүздесіп, бағдарламасын таныстырды.

Соңғы жаңалықтар