Президенттікке кандидаттың сайлау қоры қандай қаржы көздерінен құралады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында комиссия мүшесі Сабила Мұстафина президенттікке кандидаттың сайлау қоры қандай қаржы көздерінен құралатындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлау қоры мынадай көздерден құралады: жалпы сомасы заңнамада белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен 12 000 еседен аспауға тиіс - кандидаттың өз қаражаты, кандидатқа оны ұсынған республикалық қоғамдық бірлестіктің бөлген қаражат. Бұл 720 миллион теңгені құрайды. Жалпы сомасы заңнамада белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен 15 000 еседен артық аспауға тиіс республика азаматтары мен ұйымдарының ерікті қайырымдылықтары. Ол 900 миллион теңгеге тең. Белгіленген мөлшерден артық түскен ақша қаражаты сайлау қорларына есепке алынуға жатпайды және оларды қосқан азаматтар мен ұйымдарға қайтарылады», - деді ол.

Оның атап өтуінше, дерегі жоқ қайырымдылық қаражаттары республикалық бюджет кірісіне енгізіледі. Сайлау қорларына тек заңды жолмен алынған қаражат жіберілуі мүмкін. Сайлау қорының қаражатына иелік ету құқығы тек Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттарға ғана тиесілі.

«Сайлау қоры қаражатынан кандидаттар:

бірінші, кез келген тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарына шығуға;

екінші, сайлау алдындағы жария іс-шараларды және сайлаушылармен кездесулерді ұйымдастыруға және өткізуге;

үшінші баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгіт материалдарын шығаруға және таратуға; - төртінші, заңды және жеке тұлғалардың үгіт жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қызметтеріне ақы төлеуге;

бесінші, президенттікке кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдардың сайлау алдындағы көлік және іссапар шығыстарын жабуға;

алтыншы, сайлау науқаны үшін арнайы әзірленген баспа материалдарын, оның ішінде безендірілген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгілерді, жалауларды, жалаушаларды және басқа да белгілер мен нышандарды тегін тарату үшін дайындауға арналған шығындарды төлеуге құқылы», - деді Сабила Мұстафина.


Соңғы жаңалықтар