+7 (701) 759 90 19
USD 389.59 EUR 429.06
RUB 6.05 CNY 55.07
Jańalyqtar

Президенттікке кандидатты қолдап қол жинау парағының үлгісі бекітілді

2019 жылғы 15 сәуір 16:21
Бөлісіңіз:
Президенттікке кандидатты қолдап қол жинау парағының үлгісі бекітілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда «Президенттікке кандидатты қолдап қол жинауды және олардың растығын тексеруді ұйымдастыру туралы» қаулы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулы жобасын таныстырған ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ақылбек Ихданов айтуынша, «Сайлау туралы» Конституциялық заңның 56-бабы 1-тармағына сәйкес сайлаушылардың Президенттікке кандидатты қолдауы олардың қол жинауы арқылы расталады. Осы заңның 56-бабы 3-тармағына сәйкес Президенттіке кандидатты қолдап қол жинауды сенім білдірілген адамдар ұйымдастырады және кандидаттың Конституцияда және «Сайлау туралы» Конституциялық заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін 5 күн мерзімнен кешіктірмей Орталық сайлау комиссиясы беретін қол қою парақтарымен рәсімделеді.

«2019 жылдың 1 қаңтарында республика сайлаушыларының жалпы саны 11 млн 814 мың 19 адамды құрайды. Жалпы санның 1 пайызы 118 мың 140 адамды құрайды. Осылайша, Президенттікке кандидат118 мың 140 сайлаушының қолдауына ие болуы тиіс», - деді ол.

null

Комиссия мүшесінің айтуынша, әрбір қол қою парағының реттік нөмірі болуға және оған кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты, оның сенім білдірілген адамының жеке қолы, қол жинаушы адамның тегі, аты және әкесінің аты, қол жинау жүргізілетін елді мекеннің атауы, сондай-ақ қол қоятын адамдар туралы өмірбаяндық мәліметтерді қамтитын бағандар енгізілуге тиіс. Кандидаттардың өздеріне сайлау науқанын өткізуге көмектесетін, сайлау алдындағы үгіт жүргізетін, кандидаттардың мүдделерін білдіретін сенім білдірілген адамдары болуға құқығы бар. Кандидаттар сенім білдірілген адамдарды өз қалауы бойынша тиісті сайлау округіндегі әрбір сайлау учаскесіне үш адамнан аспайтын санда анықтайды. Өз кезегінде, олар тиісті сайлау комиссиясына сенім білдірілген адамдар болуға өз келісімі туралы өтініш береді.

«Сайлау комиссиясы сенім білдірілген адамдарды тіркегеннен кейін оларға тиісті куәлік береді. Сенім білдірілген адам Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиіс, қандай да бір сайлау комиссиясының мүшесі, саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқаратын тұлға бола алмайды. Сайлау туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес сенім білдірілген адамдар қол жинауды ұйымдастыру мақсатында тікелей сайлаушылар қолын жинайтын басқа да адамдарды тарта алады», - деді А.Ихданов.

Қол жинаушы адам қолдарды жинаған кезде тиісті қол қою парағында жеке қолы тұрған кандидаттың сенім білдірілген адамын тіркеу туралы куәліктің көшірмесін көрсетуге тиіс. Қол жинайтын адам қол қою парағына міндетті түрде өзінің жеке қолын қояды. Қол жинаушы адамдарға қосымша заңнамалық талаптар белгіленбеген. Президенттікке кандидатты қолдап қол жинау жөніндегі толтырылған қол қою парақтары аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылады, ол 10 күндік мерзімде паспорт қызметтерінің жұмыскерлерін тарта отырып, қойылған қолдардың дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады, Президенттікке кандидатты қолдайтын қолдардың дұрыстығын тексеру нәтижелері туралы тиісті хаттаманы ресімдейді және оны Орталық сайлау комиссиясына жібереді.

null

«Президенттікке кандидатты қолдап қол жинауды және олардың дұрыстығын тексеруді ұйымдастыру туралы» қаулымен Орталық сайлау комиссиясының қол қою парақтарын беру мерзімдері 5 күннен 2 күнге дейін қысқартылды, ал қойылған қолдардың дұрыстығын тексеру мерзімі екі есеге 10 күннен 5 күнге дейін қысқарды. Осылайша, сайлауды ұйымдастырушылар ішкі рәсімдерді өткізу мерзімдерін қысқарту есебінен сайлау процесіне қатысушылардың іс-шараларына арналған уақытты ұлғайтады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Сайлау 2019,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT