Президенттікке кандидаттарды тіркеу 11 мамыр күні аяқталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға кандидаттарды тіркеу 11 мамыр күні аяқталады. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның сөзінше, кандидаттарды тіркеу ағымдағы жылдың 11 мамыры күні сағат 18-00-ге дейін жалғасады. Кандидат ретінде тіркелу үшін ұсынылған тұлға 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша өзінің және жұбайының кірістері мен мүлік туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасын, өзінің денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындыны тапсыруы қажет. Тапсырылған декларацияларда кандидаттың кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің рас еместігі анықталған жағдайда Орталық сайлау комиссиясы кандидатты тіркеу күшін жоя алады.

Президенттікке кандидаттарды қолдау облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың кемінде 2/3 бөлігін тең дәрежеде білдіретін сайлаушылардың кем дегенде 1 пайызының қолдарын жинаумен расталады.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, ҚР ОСК елімізде дауыс беру құқығы бар 11 814 019 азаматты сайлаушылар тізіміне қосқан. Осылайша әрбір кандидатты қолдау үшін 118 140 сайлаушының түпнұсқалы қолы жиналуы тиіс. Қол жинауды президенттікке кандидаттардың сенім білдірген адамдары ұйымдастырады.

null

Соңғы жаңалықтар