Президенттікке кандидаттар төлейтін 3 млн теңге жарна қайтарыла ма

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Президенті сайлауына қатысатын кандидат 3 млн теңге жарна төлейді. Осы орайда жарна қандай жағдайда иесіне қайтарылады. Бұл сауалға Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңына сәйкес Президенттікке кандидаттар Орталық сайлау комиссиясының шотына жарна аударуы тиіс. Жарнаның мөлшері заң бойынша белгіленген ең төменгі жалақы есебімен 50 АЕК көлемінде. Егер кандидат сайлаудың қорытындысы бойынша ҚР Президенті болып сайланса немесе кандидат сайлауда кемінде 5 пайыз дауыс жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда жарна кері қайтарылады», - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина.

Оның айтуынша, басқа жағдайда жарна республикалық бюджетке жіберіледі.

Айта кетсек, бұған дейін Президенттікке кандидаттар 3 млн теңге жарна төлейтіні туралы хабарлаған едік. Яғни кандидат өтінішпен қатар сайлау жарнасын төлегенін растайтын түбіртекті өткізуі тиіс.

Еске салсақ, бүгін Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну басталды.


Соңғы жаңалықтар