Президенттікке кандидатқа сайлауалды шараларға қанша қаражат бөлінеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидаттың шығыстар мөлшерін белгілеу туралы қаулы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулы жобасын таныстырған Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафинаның айтуынша, мемлекет президенттікке үміткерлерге бұқаралық ақпарат құралдарында өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін қаражаттың тең бөлінуіне кепілдік береді.

Осылайша, БАҚ-та бағдарламасымен сөз сөйлеуге, яғни теледидарда - 15 минут; радиода -10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа табақтан аспайтын екі мақала жариялау үшін үміткерге заңмен қаражат бөлу қарастырылған.

Бұдан басқа, республикалық бюджет қаражатынан кандидаттардың сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу; үгіт материалдарын шығару және көлік шығындары жабылады.

Қорытындысында комиссия мүшелері «2022 жылғы 20 қарашаға бекітілген ҚР президентін кезектен тыс сайлауда республикалық бюджет қаражатынан өтелетін Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидаттың шығыстар мөлшерін белгілеу туралы» қаулы қабылдады.

Оған сәйкес үміткерлердің шығыстар мөлшері 10 312 600 теңге көлемінде белгіленген:

1. теледидар және радио бойынша бағдарламалармен сөз сөйлеу, сондай-ақ мерзімді баспа басылымдарында 2 мақала жариялау - 9 012 600 теңге;

2. сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару - 800 000 теңге;

3. көлік шығындары - 500 000 теңге.


Соңғы жаңалықтар