Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаевты қолдайтын штаб жұмысын бастады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада ҚР Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевты қолдау жөніндегі республикалық штаб ресми түрде ашылып, жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кандидат Жигули Дайрабаевты қолдауға арналған үгіт-насихат жұмысы еліміздің барлық өңірінде жүреді. Атап айтқанда, 88 қала, 30 кент және 6 мыңнан астам елдімекенді қамтиды. Үгіт-насихат жұмысын кандидаттың өзі және оның сенімді өкілдері өткізеді. Барлық іс-шара уақытында өткізіледі», – деді кандидат Жигули Дайрабаевты қолдау жөніндегі республикалық штабтың басшысы Төлеутай Рахымбеков.

Оның айтуынша, кандидатты қолдау жөніндегі штаб еліміздің барлық өңірінде жұмыс істейді.

«Барлық қоғамдық штаб үгіт-насихат жұмысына қажетті затпен толық қамтамасыз етілген. Респубилкалық штабтың ашылуы барысында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев өзін қолдаушыларға алғыс айтып, сайлауалды бағдарламасын таныстырды», - дейді ол.

Айта кетейік, ҚР Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев сайлауға «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан түсіп отыр.


Соңғы жаңалықтар