Президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбековтің қатысуымен футзалдан әуесқойлар турнирі өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президенттікке үміткер Жамбыл Ахметбековтың қатысуымен футзалдан «Көктем-2019» футбол әуесқойлары қазақстандық лигасының» турнирі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Коммунистік халық партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Саламатты өмір салтын насихаттау аясында ҚКХП партиясының Республикалық сайлауалды штабының белсенділері Нұр-Сұлтан қаласында футзалдан «Көктем-2019» футбол әуеқойлары қазақстандық лигасының» турнирін өткізді. «Көктал» шағын ауданының спорт алаңында өткен шарада ҚР Президенттігіне үміткер Ж.Ахметбеков турнирге қатысушыларды жарыстың басталуымен құттықтады.

Жамбыл Ахметбеков өзінің өмірі спортпен тығыз байланысты екенін атап көрсетіп, каратэдан қара белбеу иегері және «Спорттық каратэ федерациясының» құрметті президенті екенін айтты.

«Спорт - заманауи қоғамның маңызды саласы және тұлға мен қоғамның үйлесімді дамуының кепілі болып табылады. Біз жастарды интернетке тәуелділіктен алшақтатқымыз келеді. Ал спорт адамдарды олардың шығу тегі мен дініне қарамастан біріктіреді», - деп мәлімдеді үміткер.

Жарысқа қатысушылар мен жанкүйерлерге Ж. Ахметбеков сәттілік пен жеңіс тіледі.

«Біздің партия қазақстандық саясаттың бел ортасында еңбек адамы, оның өмірі, зияткерлігі, мәдениеті мен саламаттылығы, ел мен қоғамға қызмет етуге деген ұмтылысы болуын талап етуді жалғастыра береді», - деді ҚР Президенттігіне үміткер. Жарысқа екі топ қатысты.

Соңғы жаңалықтар