Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаевтың сайлауалды штабы жұмысқа кірісті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті сайлауына кандидат Нұрлан Әуесбаевқа қолдау көрсететін штаб ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Сайлау туралы заңы мен орталық сайлау комиссиясының күнтізбелік жоспарына сәйкес бүгін үгіт-насихат жұмысын бастаймыз. Кандидат Нұрлан Әуесбаевты қолдау жөніндегі республикалық сайлауалды штабы Астанада орналасқан. Штабта баспасөз қызметі, жоба үйлестірушілері, SMM және басқа да мамандар жұмыс істейді. Сонымен қатар орталық штабтың барлық аймақта филиалдары ашылды. Онда өңірлік штаб басшылары мен олардың көмекшілері жұмыс істейді. Біз үгіт-насихат жұмысына дайынбыз», - деді штаб басшысы, жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рахымжанов.

Сондай-ақ, партияның баспасөз қызметінің жетекшісі Мақсұт Насибұловтың айтуынша, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары заң талаптарын сақтай отырып, әлеуметтік желілер арқылы жүргізіледі. Одан бөлек, үгіт-насихат материалдары әзірленді.

Айта кетсек, жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев орталық сайлау комиссиясына құжаттарын өткізген еді.



Соңғы жаңалықтар