Президенттікке кандидат 2 млн 125 мың теңге сайлау жарнасын төлеуі тиіс

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға кандидаттар 2 млн 125 мың теңге сайлау жарнасын төлеуі тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлау жарнасы ең төменгі 50 жалақыны құрайды. Соған сәйкес сайлау жарнасының сомасы 2 млн 125 мың теңге. Сайлау жарнасы кандидатқа ол лауазымға тағайындалған жағдайда немесе жалпы сайлауда 5 пайыздан астам дауыс жинағанда қайтарылады», - деді К.Петров.

Соңғы жаңалықтар