«Президенттік жүгіру» шарасын «Ақжайық» футбол клубы қолдады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Ақжайық» футбол клубы «Президенттік жүгіру» шарасын қолдап, 2,5 шақырымға жүгірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, шараға команда жетекшілері мен қызметкерлері, жаттықтырушылар мен ойыншылар, сондай-ақ футбол орталықтарының тәрбиеленушілері қатысты.

Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының бастамасын қолдаған оралдықтар қалалық мәдениет және демалыс саябағында елорданың 20 жылдығына деген ықыласын осылайша білдірді. Сонымен қатар олар еурокубок маусымына қатысып жатқан қазақстандық командаларға қолдау көрсетті.

«Ақжайық» футбол клубы - Қазақстан бойынша осынау шараны қолдаған үшінші ұжым. Олар эстафетаны Қызылорданың «Қайсарынан» алған еді.

Көпшілік жаттығумен басталған шара алдында «Ақжайық» футбол клубының директоры Нұртаза Әбілханов «Президенттік жүгірудің» мән-маңызына тоқталды. Футбол фристайлшысы Айболат Құбашев өз өнерін көрсеткеннен кейін шараға қатысушылар саябақ ішінде 2,5 шақырымға жүгіріп шықты.

БҚО футбол федерациясының жетекшісі Александр Любимкин жиналғандарды Астананың 20 жылдығымен құттықтады.

Шара соңында «Алға, Қазақстан! Алға, футбол!» ұранымен эстафета «Ақтөбе» футбол клубына табыс етілді.

null

Соңғы жаңалықтар