Президенттік жастар кадрлық резервтерінің үздік идеялары тыңдалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттік жастар кадрлық резервтерінің форумында ел экономикасын ілгерілететін үздік идеялар ортаға салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде Президенттік жастар кадрлық резерві қауымдастыққа айналып үлгерді. Ендігі мақсат – осы қауымдастықта айтылған, ұсынылған идеяларды жүзеге асыру. Бүгінде форумда жастар өз жобаларын ұсынып қана қоймай, оны жүзеге асырудың жолдарын ашып көрсетуде. Форумда ұсынылатын жобалар мемлекеттің, атап айтқанда халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар, өз ойын айтып, идеясын жүзеге асырғысы келетін басқа жас мамандар үшін үлгі болып табылмақ», - деді Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі, форум ұйымдастырушысы Александр Данилов.

Президенттік жастар кадрлық резервінің форумына еліміздің әр өңірінен келген 100-ге жуық адам қатысып жатыр. Және ол 4 бағыттан тұрады.

«Бүгінгі жиында мемлекеттік басқаруды жетілдіру, адам капиталы, урбанистика және қалаларды дамыту, сол секілді инновация мен жаңа технологиялар тақырыбы талқылануда», - дейді ол.

Айта кетсек, форумға Президент Әкімшілігінің өкілдері, мемлекеттік жас қызметшілер мен Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелері қатысуда.


Соңғы жаңалықтар