Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі зағип жандарға арналған аппарат ойлап тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық автор, Президенттік жастар кадрлық резервтерінің мүшесі, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі Әбділда Шәменов зағип жандарға арналған әліпбиді үйреніп, оқу мүмкіндігін беретін аппаратты таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі форумда менің көтергім келіп отырған мәселе, зағип адамдардың тағдыры. Біз бүгінде технология дамыған заман, барлық жағдай жасалған деп жиі айтамыз, дегенмен күн тәртібінде кезек күттірмей шешілуі тиіс мәселелер аз емес. Соның бірі зағип жандардың тағдыры. Қазіргі уақытта Қазақстанда 86 мың зағип жан бар, оның 9 мыңы - балалар. Проблемалардың бірі көзі көрмейтін жандарға үшін арнайы оқулықтардың аздығы, ал қазақ тілінде тіпті жоқ деп айтуға болады», - деді Ә. Шәменов.

Сондай-ақ, автор аталған құралды қалай пайдалану керектігі туралы айтып берді.

«Бұл құралда қазақ әліпбиі орнатылған, әріптерді басқан кезде дыбыс шығады. Яғни «А» әрпін басса ол дыбысталады, сол арқылы зағип жан барлық әріптерді танып, біле алады. Біз аппаратымызды елордадағы №10 мектепте инклюзивті білім беру сыныбында апробациядан сәтті өткіздік. Бүгінде құралдың арнайы сертификаты да бар. Және бұл командалық жұмыс», - дейді ол.

Айта кетсек, елордада өтіп жатқан Президенттік жастар кадрлық резервтерінің форумында қаралып жатқан 4 бағыттың бірі «Адам капиталы».



Соңғы жаңалықтар