Президенттік жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеу күзде өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл күзде Президенттік жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеу өтеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні резервке қабылданған 350 азаматтың мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының әртүрлі лауазымдарына 262-сі немесе 75%-ы тағайындалды. Оның ішінде: орталық мемлекеттік органдарға – 131, жергілікті атқарушы органдарға – 41, ұлттық компанияларға – 54, өзге де ұйымдарға – 36. Сондай-ақ, 28 маман саяси лауазымдарға тағайындалды. «А» корпусының лауазымдарына 8 адам орналасты», - деді ол.

Азамат Жолманов атап өткендей, Президенттік жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеу биыл күзде өтеді. Айтуынша, іріктеу мемлекеттік органдардың салалық кадрларға деген қажеттіліктеріне негізделеді.


Соңғы жаңалықтар