+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі биржа басқармасына төраға болып тағайындалды

2021 жылғы 18 сәуір 01:27
Бөлісіңіз:
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі биржа басқармасына төраға болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Astana International Exchange (AIX) Директорлар кеңесі акционерлер мен реттеуші органдардың мақұлдауымен 23 мамырдан кейін күшіне енетін AIX басшылығының құрылымындағы өзгерістерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбе облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментке жаңа басшы келді Алматы Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды Атырау облысының энергетика басқармасына жаңа басшы келді

Директорлар кеңесі қазіргі AIX қаржы директоры Ренат Бектұровтың 2021 жылғы 24 мамырда Astana International Exchange басқарма төрағасы болып тағайындалатынын хабарлады.

Айта кетейік, AIX қазіргі төрағасы Тим Беннетт Директорлар кеңесінің төрағасы ретінде үш жылдық мерзімге сайланды және AIX пен АХҚО-ның капитал нарықтарын дамыту жөніндегі аға кеңесшісі ретінде жұмысын жалғастырады.

«Тим Беннеттің халықаралық тәжірибесі мен көшбасшылық қасиеттері кәсіпқойлардың үздік командасын жинауға және қысқа мерзім ішінде шетелдік және жергілікті инвесторлардың жоғары класты инфрақұрылымы мен интеграцияланған экожүйесі бар әлемдік деңгейдегі алаң болып үлгерген биржа құруға, бірнеше ондаған листингтер өткізуге және инновациялық өнімдерді іске қосуға мүмкіндік берді. Біз Т.Беннеттің капитал нарығын дамыту жөніндегі іс-әрекеттерімізді одан әрі қолдайтынына сенеміз және жас басқарушы Ренат Бектұровқа AIX-ті одан әрі дамыту міндетін лайықты атқаруға тілектеспіз. Өткен жылы Ренат Бектұров Президенттік жастар кадр резервіне алынды, бұл оның Қазақстанның болашақ көшбасшыларының бірі ретіндегі әлеуетін көрсетеді», - деп пікір білдірді АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов.

Сонымен бірге, AIX Директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Құсайынов Ренат Бектұровтың АХҚО құрылған 2016 жылдан бері жұмыс істейтінін және 2017 жылдан бері – AIX қаржы директоры екенін атап өтті. Нұрлан Құсайынов AIX директоры, Директорлар кеңесінің мүшесі болып қалады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT