+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің төртінші кезеңі басталды

2021 жылғы 26 қазан 22:31
Бөлісіңіз:
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің төртінші кезеңі басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің келесі кезеңі – құзыреттерді бағалау кезеңінің басталғандығын жария етті. Аталған кезең 25 қазанынан бастап 28 қарашаға дейін өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл кезең ассессмент орталық және құзыреттер бойынша сұхбат атты 2 блоктан тұрады.

Өткен кезеңнің қорытындысы бойынша 235 үміткер осы төртінші кезеңге өтті.

Ассессмент орталық оффлайн форматта өтеді. Ол мінез-құлық көрсеткіштерінің жиынтығы арқылы үміткерлердің белгілі бір құзыретін анықтауға және бағалауға бағытталған.

Үміткерлер үшін ассессмент орталық 25-30 қазан аралығында оффлайн форматта өтеді, содан кейін 1-15 қараша аралығында сарапшылар барлық материалдарды өңдеп, жеке есептер дайындайды.

Ассессмент орталық мінез-құлық индикаторларының жиынтығы арқылы үміткердің стратегиялық ойлау, проактивтілік, қызметті басқару, командалық көшбасшылық, сендіре білу сияқты құзыретін анықтауға және бағалауға бағытталған.

Құзыреттерді бағалаудың осы блогы топтық және жеке тапсырмадан тұрады, процесс барысында үміткердің мінез-құлқын сертификаттарға ие сарапшы бағалаушы – асессорлар бақылайды.

Аталған тапсырманың әрқайсысында үміткерлерге қатаң шектеулі уақыт ішінде арнайы буклеттегі ақпараттық материалдарды талдау негізінде өзекті өңірлік проблеманың шешімін ұсыну қажет болады.

Ассессмент орталықтың барлық рәсімін Мемлекеттік басқару академиясының сертификаттарына ие сарапшы бағалаушы тобы жүргізеді.

Ассессмент орталықтың қорытындысы бойынша келесі бағалау кезеңі – құзыреттер бойынша сұхбатқа ең жақсы нәтиже көрсеткен 125-тен аспайтын үміткер жіберіледі.

Құзыреттер бойынша сұхбат 20-28 қараша аралығында кәсіби HR менеджерлердің қатысуымен жеке құрылымдалған сұхбат түрінде онлайн форматта жүргізіледі.

Сұхбат барысында үміткерлердің ішкі ынта-жігерінің деңгейі мен олардың құндылық бағдарларын айқындайтын құзыреттер туралы барынша объективті түсінік алуға мүмкіндік беретін сұрақтар қойылады. Сұхбат нәтижелері бойынша іріктеудің келесі кезеңі – Сарапшылық комиссияда әңгімелесуге ең жақсы нәтиже көрсеткен 100-ге жуық үміткер жіберіледі. Іріктеу қорытындысы бойынша резервке 50 үміткер алынады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT