Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу қалай өтуде – қатысушылардың пікірі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу шын мәнінде қалай өтуде. ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігі іріктеуге қатысқан жастардың пікірін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еліміздегі жоғары басқарушылық мемлекеттік лауазымдарға, ұлттық холдингтер мен компаниялардағы жоғары басқарушы лауазымдарға тағайындалуға мүмкіндік. Осындай перспектива еліміздегі және шетелдегі мыңдаған жас қазақстандықтардың қызығушылығын тудырды. Олардың барлығы «Президенттік жастар кадр резервіне» іріктеуге қатысты», делінген хабарламада.

Президенттік резервке үміткерлердің ішіндегі 300 барынша талантты және даярланған жастар алынады.

Қазіргі уақытта тестілеуді верификациялау қорытындысы бойынша 549 қатысушы жобаны таныстыру, эссе жазу және құзыреттерін бағалау сияқты үш кезеңнен тұратын іріктеудің келесі кезеңі - «Әлеуетті бағалаудан» өтуде. Осы кезеңде үміткерлердің эссесі мен жобалық жұмысы онлайн түрде бір уақытта үш сарапшымен бағаланды.

Үміткерлердің құзыреттерін бағалау үшін сертификатталған бағалаушылар мен кәсіби супервизорлар тартылды. Олар үміткерлердің құзыреттерін мінез-құлық индикторлары арқылы, жеке және топтық ассесмент құралдарын қолдана отырып анықтайды.

«Әлеуетті бағалау» кезеңіне өткен үміткерлер өздерінің іріктеу жөніндегі ойларымен бөлісті.

Бекжан, кәсіпкер:

«Басында 13 мың адамның тіркелгенін (Pkrezetv.kz сайтында – еск.) көрген кезде таң қалдым, өйткені, бір жарым, екі мың адам болады деп ойладым...

Көптеген жастардың бұл жобаға қызығушылығы зор екені байқалады. Соның ішінен бес жүз адамның ішіне кіріп отырғанымыз, біз үшін бір мәртебе деп ойлаймын...

Өте мықты ұйымдастырылған, ешқандай кедергілер болған жоқ. Басында «сұрақтары қиын» деген сөз болды, бірақ менің ойымша сайдың тасындай сапталған жігіттер, қыздар сондай сұраққа жауап бере білу керек.

Шындықты айтқанда, таң қалып отырмыз, жеңіл болады деген оймен келгенбіз. Бірақ, бүгінгі тапсырмаларды көріп шетелдік компанияларға жұмысқа тұрып жатқандай сезімге бөленіп отырмын».

IT-саласының маманы Азамат іріктеуден өтпей қалған жағдайда ешқашан өкінбейтінін айтады.

«Мен осындай жобаға қатыстым. 550 адамның ішіне кіргеніме өте қуандым (тестілеуді верификациялау қорытындысы бойынша 549 қатысушы келесі «Әлеуетті бағалау» кезеңіне өтті – еск.)», - дейді ол.

Алексей, жылу-энергетика саласының маманы:

«Бұл өте ашық жүйе. Мен ненің қашан іске қосылатынын, өзімнен ненің талап етілетінін түсініп отырдым. Ол бір күн ішінде ғана дайындалмай, ойластырылып жасалғаны байқалады. Барлығы өз кезегімен жүретін нақты ашық жүйе. Сен өз орныңды көріп, алдағы уақытта не күтіп тұрғанын қарай аласың. Менің ойымша бұл ақылды жастар үшін ерекшеленіп, өзін жоғары дәрежеде көрсету үшін керемет мүмкіндік…».

Айнара есімді мемлекеттік қызметші 24 сағат бойы қашықтықтан тестілеудің ыңғайлы болғанын айтады. Оның айтуынша, ұйымдастырушылар БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы іріктеу бойынша толық ақпарат берді.

Даниэль, туризм саласы:

«Ұйымдастыру маған өте қатты ұнады. Әрбір кезең сайын мен өзіме жаңа сынақ, challenge алып отырдым: презентация жасау, 5 минут ішінде 5 слайд көрсету, белгілі уақыт ішінде эссе тапсыру. Бүгінгі ассесмент, әр ретте жылдамдатып отырады. Ұйымдастыру жағынан барлық ақпараттың қолжетімді болғанын атап өткім келеді…»

Элина, мемлекеттік қызметші:

«Кадр резерві жөнінде хабарландыру шыққаннан кейін бірден қатысқым келіп кетті. Бірақ айналамдағы адамдар күмәнмен қарап, «қызғылт көзілдірігіңді шеш, оны қайтесің және онда барлығы шешіліп қойған шығар» деді. Мен талаптанып көру керек деп айттым. Біріншіден, Президент өзі жариялады. Екіншіден, бұл бақ сынап көруге тұрарлық жаңа формат. Үшіншіден, бұл - үлкен мүмкіндік. Жалпы жобаның өзі бірегей. Менің ойымша мұнымен барлық қатысушылар келіседі. Онлайн және офлайн кезеңдер де бар. Бұл әрбір үміткерге арналған кешенді тәсіл. Ол өте мықты әрі жаттыққан ұйымдастырушылар тобы. Барлығы өте сапалы жасалған. Техникалық қолдауға өтінім берген кезде шұғыл арада жауап береді. Мәселеңді шешіп қана қоймай, қолдау көрсетуге тырысады...»

Гүльзира, кәсіподақ ұйымының қызметкері:

«Бірінші кезекте мені сайттың техникалық қамтылуы таң қалдырды... Барлық қажетті жағдайлар мен заттар алдын-ала қарастырылған. Өз алдымда қандай да бір нақты техникалық қиыншылықтар туындаған жоқ. Ассесмент – ол үміткердің құзыреттерін жан-жақты анықтауға мүмкіндік беретін құзыреттерді бағалаудың заманауи үрдісі... Бүгінгі ассесмент тайм-менеджмент тарапынан өте жақсы ұйымдастырылған. Біз өзіміздің кестемізді, логистикамызды, яғни қайдан қайда бару керектігін білеміз. Қандай стримге жататынымызды білеміз. Бұл түстер, аудиториялар, адамдар саны бойынша реттеу... Мен біздің мемлекеттік органның қысқа мерзімде осындай ауқымды жобаны жүзеге асыра алатынын мақтан тұтамын.

Бүгінгі таңда мен үлкен нәтижелерге қол жеткіздім, мен осы 549 адамның ішіне кірдім. Мен соңына дейін баруға және өзімнің барлық әлеуетімді көрсетуге дайынмын».

Еске сала кетсек, Мемлекет тасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында елде Президенттік кадрлық резервті қалыптастыру қажеттігін жариялады. Оған үміткерлерді іріктеу 1 қыркүйекте басталды.

Соңғы жаңалықтар