Президенттік жастар кадр резервіне екінші іріктеу қашан басталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова Президенттік жастар кадр резервіне екінші іріктеудің қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президенттік жастар кадрлық резервіне екінші іріктеу осы жазда басталады.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова өзінің Twitter парақшасында жазды.

«Өткен аптада Мемлекет басшысы «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» ҚР Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.

Агенттік осы жазда Резервке екінші іріктеуді бастайды.

Резервке 35 жастан аспаған, 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін B1 деңгейінде меңгерген азаматтар қатыса алады.

Резервтің мақсаты- мемлекеттік қызмет саласында трансформациялық көшбасшыларды дайындау болып табылады» деп жазды Анар Жайылғанова.


Соңғы жаңалықтар