Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.01 eur/kzt 490.15

    rub/kzt 7.81 cny/kzt 70.64
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Президенттік жастар кадр резервіне алынған 50 үміткердің тізімі жарияланды

2021 жылғы 28 желтоқсан 10:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова Президент жастар кадр резервіне іріктеудің 2021 жылғы нәтижесін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппаратты жетілдіру және жаңа буынның өзін-өзі дамытуына қолдау көрсету мәселелеріне ерекше назар аударады.

Қасым - Жомарт Тоқаев жастар кадрлық резерві - бұл мемлекеттің резерві екенін, оған қатысудың маңызы ел игілігі мен оны дамыту жолындағы жұмыстармен байланысты екенін атап өткен болатын.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова бұл резерв жас мамандарды мемлекеттік қызметке тартуға оң серпін беретінін және оның мақсаты даярланған және ынталы жастар үшін әлеуметтік лифт құру болып табылатынын атап өтті,

Ұлттық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 50 кандидат Президенттік жастар кадр резервіне алынды.

Іріктеуге қатысуға барлығы 8638 өтінім алынды.

Резервшілер тізіміне жеке сектордың 18 өкілі, квазимемлекеттік сектордың 13 өкілі және 19 мемлекеттік қызметкер кірді.

Сонымен қатар, 24 адамның (48%) басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі бар.

Кандидаттардың 62%-ы шетелдік жоғары білімі бар, 38%-ы қазақстандық жоғары оқу орындарының түлектері.

Іріктеу жеңімпаздарының орташа жасы - 30.

Резервте Нұр-Сұлтан, Алматы және Павлодар қалаларының өкілдері басым.

Бұл ретте қатысуға өтінім республиканың барлық өңірінен, сондай-ақ шет мемлекеттерден келіп түсті.

Мемлекеттік қызмет сітері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованың айтуынша, резервке алынған үміткерлердің бірі қазіргі уақытта Бельгияда, Қазақстан елшілігінде жұмыс істейді.

Цифрлық технологияларды пайдалану іріктеудің ашықтығы мен ұтқырлығын қамтамасыз етті, бұл жас қазақстандықтарға олардың орналасқан жеріне қарамастан қатысуға мүмкіндік берді.

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу процесінің ашықтығы қоғам, бұқаралық ақпарат құралдары және азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен қамтамасыз етілді.

Резервке кірген кандидаттардың толық тізімі Агенттіктің ресми pkrezerv.gov.kz сайтында 27 желтоқсанда жарияланды.

Резервке екінші іріктеудің ерекшелігі - болашақ резервшіні таңдау кезінде оның жеке мансаптық амбицияларға емес, ең алдымен қоғамдық мүдделерді басшылыққа алатын трансформациялық көшбасшыға тән құзыреттері назарға алынды.

Агенттік төрағасы Анар Жаилғанова қазіргі Резерв тек мемлекеттік қызмет үшін ғана жасалғанын және онда болу мерзімі 3 жыл екенін атап өтті.

Резервке енген жастардың көпшілігінің экономиканың түрлі салаларын қамтитын жетекші шетелдік және жеке қазақстандық компанияларда жұмыс тәжірибесі бар.

Естеріңізге сала кетейік, президенттік жастар кадр резервіне іріктеу үміткерлердің құжаттарын қабылдаудан басталған (1-30 қыркүйек аралығында) және өткен аптаның соңында іріктеу жөніндегі ұлттық комиссияның отырысымен аяқталған жүйелі кезеңдерден тұрды.

2021 жылғы Президенттік жастар кадр резервіне алынған кандидаттардың тізімі

1

АБСАМЕТ АБАЙ

2

АДИХАНОВ САЙДИБУРХАНИДДИН

3

АЛЕКЕШЕВ ШЫҢҒЫС

4

АМАНҒАЛИ НҰРСҰЛТАН

5

АРҒЫНҒАЗИНОВ АЙБОЛ

6

АХМЖАНОВ ЕРЖАН

7

ӘБЕН АБЫЛАЙХАН

8

ӘБІШ ЕРЖАН

9

БАЙСАЛОВ МҰРАТ

10

БЕЙСЕНБАЕВ ОЛЖАС

11

БЕЙСЕНГАЗИН КУАНЫШ

12

БЕРДИГУЛОВ ЕРНАТ

13

БОЛАТОВ ДАУРЕН

14

ГАЛИЕВ ЕРЛАН

15

ДОСЫМЖАНОВ ЕРЖАН

16

ЕРМЕКБАЕВ ТАИР

17

ЕСЕЛЬБАЕВ ЖАСЛАН

18

ЖАКУПОВА АЙНУР

19

ЗЕЙНУЛЛИН АЙВАР

20

ИБРАЕВ ДИДАР

21

ИМАНАЛИЕВ ЖАНДОС

22

КАЖДАРОВ АРМАН

23

КАПАНОВ ЕРНАР

24

КАРИБАЕВ ОЛЖАС

25

КЕМЕЛОВ МУХИТ

26

КЕҢЕСОВА БЕКЗАТ

27

КУДАЙБЕРГЕНОВ БАУЫРЖАН

28

КУЖИМОВ КАЗБЕК

29

КҮЛЖАН БАХЫТ

30

ҚАРҒАБАЙ МИРАС

31

ЛИНДТ РАУЛЬ

32

МУСИН ДАМИР

33

МУСИН РУСТАМ

34

МУХТАРОВА НАЙЛА

35

МҰҚАНОВ АРТУР

36

МЫРЗАБАЕВ ДАРХАН

37

ОСКЕМБАЕВА ЖУЛДЫЗ

38

ПАУЛИ ЭЛИНА

39

РЫСЖАНОВ АЗАМАТ

40

САДВАКАСОВА ДИНАРА

41

САРТОВ АРНУР

42

СУЮНДИКОВ АСЫЛХАН

43

ТЛЕШЕВА ЕНЛИК

44

ТУЛЕГЕНОВ ЕРБОЛ

45

ТУСУПОВ АМИР

46

УТИБАЕВ САМАТ

47

ХАТЕПОВА НАЗГУЛЬ

48

ХУСАИНОВ ДАСТАН

49

ШАЛКАРБАЕВ АСКАР

50

ШАПИЕВ ТАМИРЛАН


Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары