Президенттік жастар кадр резерві: Іріктеудің 3-кезеңінің қорытындысы жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Дәуешов Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің үшінші кезеңінің қорытындысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта іріктеудің үш кезеңі өтті. Олар - құжаттарды қабылдау, вербалды және сандық тестілеу және оларды верификациялау, ситуациялық тапсырмаларды шешу», деді ол.

Оның айтуынша, ситуациялық тапсырмаларды шешу – бұл үміткерлердің ситуациялық тапсырмалар түрінде жасалған нақты проблемаларды шешуге көзқарасын бағалау.

«Бұл кезең 12 қазаннан бастап 17 қазанға дейін өткізілді. Ситуациялық тапсырмаларды шешуге 514 адам жіберілді. Үшінші кезеңнің қорытындысы бойынша 4-кезеңге 235 үміткер өтті, бұл кезең 25 қазанда басталады», - деп мәлімдеді Марат Дәуешов.

Төртінші кезең 2 блоктан тұратын құзыреттерді бағалау кезеңі: ассессмент орталық және құзыреттер бойынша сұхбат жүргізіледі.

Ассессмент-орталық мінез-құлық индикаторларының жиынтығы арқылы үміткерлердің стратегиялық ойлау, проактивті, қызметті басқару, команда көшбасшылығы, сендіре білу сияқты құзыреттерін анықтауға және бағалауға бағытталған. Бұл блок оффлайн форматта өткізіледі.

Құзыреттер бойынша сұхбат Қазақстан Республикасының кәсіби HR менеджерлерінің қатысуымен онлайн форматта жүргізіледі. Осы бағалау блогының мақсаты үміткерлердің ішкі ынта-жігерін және олардың құндылық бағдарын айқындайтын құзыреттерді анықтайды.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2021 жылы Президенттік жастар кадр резервіне екінші іріктеуді жүргізіп отыр, бірінші іріктеу 2019 жылы өткен болатын. Биылғы іріктеуде резервке 50 үміткер алынады.


Соңғы жаңалықтар