Президенттік Жаңа жыл шыршасында 200-ден астам балаға планшет сыйға берілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Қабылдау үйінде Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Жаңа жылдық шырша өтті. Оған балалар үйлерінің 200-ден астам тәрбиеленушісі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шыршаға ерекше қамқорлықты қажет ететін, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балалары шақырылды. Мемлекет басшысы алматылық бүлдіршіндерге арнап арнайы видеоүндеу жолдады.

«Бүгінгі Жаңа жылдық шырша айналасына біздің үлкен әрі тату еліміздің балалары жиналды. Өтіп бара жатқан жылда сендердің барлығың білім алдыңдар, спорттық жарыстарда жетістіктерге жеттіңдер, түрлі конкурстарда жеңімпаз атандыңдар. Сендердің әрқайсыларың бұдан да биік шыңдарға құлаш сермедіңдер. Бұл асыл қасиет сендердің ғана емес, барша Қазақстанның күш-қуатын арттырады. Қымбатты балалар, Жаңа жылда да сендердің барлық ниет-тілектерің мен армандарың орындалсын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
null 

Тәрбиеленушілерге Елбасының атынан балаларға сыйлық салынған арнайы сөмкелер берілді. Оның ішінде қысқы киімдер, кеңсе тауарларының жиынтығы, планшеттер, ойыншықтар мен тәттілер болды.

Мерекелік шараға ертегі кейіпкерлері Аяз Ата мен Ақша қар, «Ісмер» ансамблі, «KeshYou» тобы, цирк артистері, МұратМұтұрғановтың шоуы мен X-Фактор жобасының финалистері және басқалары қатысты.

null null null 

Соңғы жаңалықтар