Президенттік үстемеақы дәрігерлер еңбегінің еленгенін көрсетті - астаналық дәрігер

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық көпбейінді медициналық орталықтың КВИ бөлімінің меңгерушісі Әлия Сәрсенова дәрігерлердің жалақысына қосылатын президенттік үстемеақы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл жолы біздің еңбекақымыз 3 есе көбірек түсті және қала әкімдігінен қосымша сыйақы берілді. Одан бөлек, коронавирус инфекциясы науқастарын емдегеніміз президенттік үстемеақы түсті. Президенттік үстемеақы үш ай бойы беріледі. Еңбегіміз еленіп, осындай материалдық қолдау көрсеткені үшін Үкіметке және әкімдікке ризашылығымызды білдіреміз», - деді бөлім меңгерушісі.

Оның айтуынша, ауруханаға орташа деңгейдегі өкпе қабыну диагнзымен науқастар әлі де келіп жатыр.

«Науқастар саны әлі азаяр емес. Ауруханада медициналық қорғаныс киімдері, бетперде, қолғап, дезинфекциялық құралдар саны жеткілікті. Біздің қызметкерлер қонақ үйде тұрып жатыр. Таңертең және кешке жұмысқа апарып-әкелетін автобус берілген», - дейді дәрігер.

Еске сала кетсек, наурыз айының соңында ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия эпидемияға қарсы шараларға атсалысқан медициналық қызметкерлерге үстемеақы тағайындады.

Қауіптілігі бойынша біріні топ мамандарының жалақысына айына 850 мың теңге үстемеақы қосылады. Екінші топ - провизорлық стационар мен жедел жәрдем қызметтерінің дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Олардың үстемақысы айына 425 мың теңгені құрайды. Үшінші топқа карантиндік стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер,жедел жәрдем жүргізушілері және тағы басқалары кіреді. Олар айына 212 мың теңге үстемеақы алады.

Республика бойынша 30 мыңнан астам дәрігер тиісті үстемеақы алады.


Соңғы жаңалықтар