Президенттік сайлауға қатысудан бас тартуыма Интернеттегі пікірлер әсер етті - Талғат Ерғалиев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстан Құрылысшылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігі атынан 9 маусымда өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға кандидат ретінде ұсынылған Талғат Ерғалиев саяси додаға қатысудан бас тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Өмірлік тәжірибем мен өндірістік білімім жеткілікті, құрылыс саласында орын алып отырған проблемаларды, оларды шешу жолдарын да жетік білемін деп есептеймін. Интернеттегі пікірлерді қарап отырып, адамдар мені әлі де жетік танымайтындығына көз жеткіздім. Демек, ел үшін, адамдар үшін әлі де жақсы дүниелерді жасау керек. Яғни, адамдарға құрмет көрсете білу керек. Осы күндердің ішінде соны жете түсіндім. Құрылысшылар одағындағы әріптестеріммен жан-жақты кеңестік. Бүгінгі күні барлық күш-жігерді, энергияны бір кандидатымыз Дания Еспаеваға қолдауға жұмсау қажет деген ортақ шешімге келдік", - деді ол Орталық сайлау комиссиясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанның құрылысшылар одағы ҚР Президенттігіне Талғат Ерғалиевті ұсынып, ол құжаттар топтамасын Орталық сайлау комиссиясын тапсырған болатын.

Соңғы жаңалықтар